Алматы Құрылыс және менеджмент колледжі-1930 жылы ашылған Қазақстанның ең көне оқу орны. Басында ол Алматы Коммуналдық-құрылыс техникумы ретінде ашылып, 1993 жылы Алматы Құрылыс және менеджмент колледжі болып қайта құрылды. Алматы Құрылыс және менеджмент колледжін (құрылыс техникумын) әр жылдары білім беру жүйесінің тәжірибелі ұйымдастырушылары басқарған және оқыту сапасын арттыру мен жас мамандарды даярлау ісіне лайықты үлес қосқан.