9 желтоқсан 2020 жылы Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыратын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және оның кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында жұмыс жасайтын «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының қатарына 1 – ші курс студенттерін қабылдау салтанаты Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалау кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлының қатысуымен онлайн түрінде өтті.
Атаулы іс-шара колледж директоры Сарсенов Бақытжан Шамұратұлының құттықтау сөзінен бастау алып директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жағыпарова Арай Болатқызының «Саналы ұрпақ» клубының іс-шаралар есебімен жалғасты.
Іс-шара барысында «Sanaly Urpaq» республикалық жобалау кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы жас ұрпақтың парасаттылығын, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға зор үлесін қосатын бір қатар атқарылып жатқан жаңа форматтағы жұмыстарға тоқталды, саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ғұрыпты ұрпақты тәрбиелеудің жолдарын ұсына отырып,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп негіздері мен құқықтық мәдениет жайлы ақпараттармен бөлісті.
«Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Нұрғали Айдос Темірханұлы клуб белсенділері санының артуына қуаныш білдіре отырып, оның жұмысын жандандыратындарына сенім артса, еріктілер клубының белсенділері
2 – курс студенті Сембек Дильназ бірінші курс студенттеріне ықылас-ниетін қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқу арқылы білдірді, ал 3-курс студенті Светенко Илья сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзіндік көзқарасымен бөлісе отырып, студенттерді адал болуға, шынайылыққа шақырды.
1- курс студенттері еріктілер қлубына қабылдау рәсімінде АҚжМК студенттерінің академиялық адалдық кодексімен танысып Ант қабылдады.
«Саналы ұрпақ» ұйымының қатарына қабылдауға арналған онлайн форматтағы салтанатты жиын колледж студенттерінің орындауында «Көк тудың желбірегені» рухты, патриоттық әнімен аяқталды.

----

9 декабря 2020 года в Алматинском колледже строительства и менеджмента состоялась онлайн –конференция, посвященная приему обучающихся
в ряды добровольного клуба «Саналы ұрпақ», который работает на основе духовно – нравственных ценностей, формирующих у подрастающего поколения дух казахстанского патриотизма, антикоррупционного сознания и культуры неприятия коррупции с участием руководителя Республиканского проектного офиса «Саналы ұрпақ» Токушева Каиржана Ахметбековича.
Мероприятие началось с приветственного слова директора колледжа Сарсенова Бакытжана Шамуратовича и продолжилось отчетом клуба «Саналы ұрпақ» заместителя директора по воспитательной работе Жагипаровой Арай Болатовны.
В ходе мероприятия руководитель Республиканского проектного офиса «Sanaly Urpaq» Каиржан Ахметбекович остановился на проводимой работе в новом формате, которая вносит большой вклад в формирование правовой культуры, добропорядочности молодого поколения, предлагая пути воспитания сознательного, здорового, сплоченного, высокого духа, нравственного поколения, поделился информацией об основах антикоррупционного поведения и правовой культуре.
Руководитель клуба» Саналы ұрпақ " Нургали Айдос Темирханович обратил внимание на положительную тенденцию по поводу увеличения числа активистов клуба и выразил уверенность в том, что они будут в дальнейшем способствовать активной работы клуба. Активные члены клуба, студентка 2 курса Сембек Дильназ выразила пожелание первокурсникам, прочитав стихотворение «Мен жастарға сенемін " поэта Магжана Жумабаева к более активному участию в работе клуба, а студент 3 курса Светенко Илья, поделившись своим видением противодействия коррупции, призвал студентов к честности, искренности, порядочности.
Студенты 1 курса на церемонии приема в волонтерский клуб ознакомились с Кодексом академической честности студентов АКСиМ и приняли клятву. На проведенном меропрятии в члены клуба вступили 80 студентов 1 курса.
Торжественное собрание в онлайн формате, посвященное вступлению в ряды клуба «Саналы ұрпақ», завершилось патриотической песней «Көк тудың желбірегені» в исполнении студентов колледжа.