Бүгін , Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті. Қазақ поэзиясының сөнбес жарық жұлдызына айналған біртуар перзент, дара дарын Мұқағали Мақатаевтың есімі әркімге қашанда ыстық, өлеңдері халықтың жадында ән болып шырқалып, жыр болып жатталды. Алдағы уақытта ақиық ақынның өшпес рухын, өлмес өнерін насихаттайтын шараларға жаңаша серпін беріп жалғастырамыз деген ойдамыз!