28.04.2021 ж Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі шарты ретінде» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, ақпараттық-ағартушылық жұмысты ілгерілету мақсатында семинар өткізілді.
  Семинарға «Жаңару» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Қ. Қ. Ускенов және оның мүшелері, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ. А. Токушев, колледж әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері қатысты.Семинардың модераторы "Жаңару"РҚБ Алматы филиалының директоры Қ. Қ. Өскенов болды. Семинар барысында колледж директоры Сарсенов Бақытжан Шамұратұлы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында елімізде ағартушылық және тәрбиелік жұмыстарға ерекше көңіл бөлінетіндігіне, осыған байланысты колледжде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік саясаты, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық адалдық қағидаттарын сақтауы бойынша өткізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.   «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ. А. Токушев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңына енгізілген өзгерістерге тоқталып өтті. Заң ғылымдарының докторы, Д. А. Қонаев атындағы академиясының «Құқықтық мәдениет негіздері» мәселесі бойынша профессоры Е.Н. Рақымбаев колледж студентерінің мамандықтарына байланысты кездесетін жағдаяттардан мысалдар келтіре отырып сыбайлас жемқорлыққа қатысты белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуге бағытталған белгілі бір құндылық қағидаттары мен қабілеттеріне назар аударды.
 "Жаңару"республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы Жетісу аудандық филиалы кеңесінің мүшесі Шакирова Тамара Мұхтарханқызы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайында біз жастардың санасында адалдық пен әділдіктің, парасаттылық пен мейірімділіктің адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуіміз керек дей келе жас ұрпаққа қажетті маңызды іс щаралардың ауқымын кеңейтуді ұсынды.
«Жаңару» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Қ. Қ. Ускенов өскелең ұрпақты қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды екендігіне тоқталып, семинарға қатысушыларға ізгі-тілегін білдірді.
Осындай кездесулер колледжмізде жоспарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған нәтижелі іс-шараларды сауатты өткізуге көмектеседі деп үміттенеміз.