19.11.2021 ж. Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде студенттердің өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен «Студент қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы өткізілді.

coolСалтанатты жиын колледж директоры Сарсенов Бақытжан Шамұратұлының құттықтау тілегінен бастау алып бірінші курс білім алушылары колледж тарихымен танысты, студенттің ар-ұждан кодексін қабылдады, студенттің басты құжаты сынақ кітапшасы табысталып, өткізілген іс-шараларға қатысқан белсенді топтар мен білім алушыларға мадақтама қағазы табысталды, сонымен қатар бірінші курс білім алушылары өз өнерлерін көрсетті.

☕ Мерекелік кеш соңында бірінші курс білім алушылырына колледжіміздің әлеуметтік серіктестері Каспий Қоғамдық Университеті және Caspian Food кофе-брейк ұйымдастырды.

Бірінші курс білім алушылылары сіздерді атаулы мерекеңізбен құттықтай отырып білімді және білікті маман иесі болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!

#аксим
#посвящениевстуденты
#алматыколледж
#студентеркатарынакабылдаукеши