19.04.2019 ж. Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде өскелең ұрпақ бойында ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанаты, Ұлы даланың Ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы аталып өтті. Мерекелік сазды музыкалық іс- шара барысында колледж студенттері ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің бірлігінің нышаны ретінде әр ұлттың салт - дәстүрін мәдениетін дәріптеді.  Наурыз мейрамы аясында колледж әкімшілігі тарапынан студенттерге тоқшылық  пен ырыс - құттың жоралғысы, қасиетті тағам наурыз - көже, сонымен қатар палау, бауырсақ дайындалып ұсынылды.