Алматы құрылыс және менеджмент колледжінің оқытушылары және студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыбында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының өкілдері Ахметсафин М. М, Скоробогатова Ю. А., АНТИКОР» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық штабы басшысының орынбасары Әбдіхалықов Қ.С., «ф.ғ.к., Қазақстан-Британ техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры Камалидинова Ә. З. қатысуымен семинар өткізілді.

Семинар барысында колледж директоры Сарсенов Б.Ш. алғы сөз алып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында атқарылған іс-шаралар ауқымына қысқаша шолу жасады.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының мүшесі Ахметсафин М. М жемқорлық біздің қоғамдағы өзекті мәселе және оған қарсы іс-қимыл жасау оны жою үшін жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында семинар ұйымдастырылғанын, сонымен қатар Сыбайлас жемқорлық болашақ Қазақстанның өркендеуіне, экономикалық дамуына жойқын әсерін тигізетін кереғар әлеуметтік құбылыс сондықтан бірлесе отырып қарсы іс –қимыл жасау арқылы түбегейлі жоюға ат салысу әрбір Қазақстандықтың міндеті екенін, колледжден алған білімдері өмірде, болашақ мамандығында туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенім білдіретінін атап өтті.

«АНТИКОР» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық штабы басшысының орынбасары Әбдіхалықов Қ.С. білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша ведомоствоаралық іс-қимыл жайлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына енгізілген өзгерістерге нақты тоқтала отырып болашақ мамандарды Еліне, Жеріне адал қызмет етуге, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға күш салуға шақырды.

Философия ғылымының кандидаты Камалидинова Ә. З кез келген адам бойындағы рухани адамгершілік пен жоғары моральдық құндылықтар адалдық мәдениеттің қалыптасуына қосар үлесі зор екенін айта келе өскелең ұрпақты тәрбиелік мәні бар әдеби –шығармаларды, көркем фильмдерді, философиялық құндылықтарды атай отырып рухани мәдени байлығының әлеуеттерін дамытуға шақырды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жагипарова А. Б. қатысушылар тарапынан туындаған бірқатар сұрақтарға жауап бере отырып өткізілген кездесудің негізгі идеясы жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер мен колледж қызметкерлері арасында жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілікке тәрбиелеу екенін айта келе Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оған қарсы мінез-құлық қалыптастыруды Қазақ Елінің әрбір Азаматы өзінен бастау алу керек деп семинарды қорытындылады.