Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс -шара студенттердің Мемлекеттік Орталық мұражайына бастау алды. Колледж студенттері Қазақ елінің кемеңгер көшбасшысы -Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Егеменді еліміздің даму жолындағы экономикалық,саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегімен танысты. Мерекелік іс- шара "Елбасы-Елдің тірегі" атты тәрбие сағаттарына жалғасын тапты. Өткізілген тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты Елбасының  өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүрек ілікке,  патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сонымен қатар мереке барысында колледж студенттері "Жаныңда жүр жақсы адам, менде одан үлгі алайын" деген тақырыпта  ТМД чемпионы, ҚР чемпионы, Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, спорт шебері, Алматы құрылыс және менеджмент колледжі дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ешмагамбетов Серікжан Тілеуқабылұлымен кездесу кешін өткізді.