Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 1986 жылғы Желтоқсан қатысушыларымен "Тағылым мен тағзым" атты кездесу кеші өтті. Мерекелік іс шараның мақсаты Желтоқсан қатысушыларының ерен ерлігіне тағзым. Егеменді еліміздің өркендеуіне үлес қосар,     Отанына сүйіспеншілігі зор, рухты, қайратты, білікті, патриот -Жастарды тәрбиелеу. Кездесу кеші "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" сипатында ерекше әсерлі өтті. Колледж студенттері еліміздің тарихи кезеңдеріне шолу жасай отырып патриоттық әндер, өлеңдер, күмбірлеген күйлер орындап Желтоқсан қырандарының жүрек жарды ізгі-тілектеріне бөленді. Сонымен қатар  Желтоқсаншылар ішінде колледж түлегінің,  колледж түлектерінің ата-анасының ерекше тілектері мен Алматы құрылыс және менеджмент колледжін мақтан тұтатыны марқайтып қалды.